"Зерек" бөбекжай балабақшасы туралы ақпарат
"Зерек" бөбекжай балабақшасы 2026 жылдың 5 қаңтарында ашылды. Балабақша екі қабатты заманауи ғимаратта орналасқан және барлық қажетті жағдайлар толық қарастырылған.
Мекеме суық және ыстық сумен, жылу жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Балабақшада 9 топ жұмыс істейді. Сонымен қатар мейірбике бөлмесі, асхана, акт залы, логопед кабинеті, тұз шахтасы және ойыншық жуу бөлмесі қарастырылған. Әр топта балаларға арналған жеке жуыну бөлмелері, ұйықтау бөлмелері және тамақтану аймақтары бар.
Балабақша барлық қажетті технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген.
Аталған мекеме алғаш рет 2020 жылдың 20 қаңтарында "Адося" балабақшасы ретінде 50 орындық болып ашылған. Қазіргі таңда кеңейтіліп, "Зерек" бөбекжай балабақшасы ретінде 148 орындық мекеме болып жұмысын жалғастыруда.
Тәрбие – балабақшадан бастау алатын маңызды үрдіс. Бала – елдің ертеңі, ұлттың жалғасы.